ID: kz.akhanzh.ou
Version: 1.39
Size: 3.6 Mb
Оқушы үлгерімі Screen Preview
Оқушы үлгерімі Details
Оқушы үлгерімі - оқушының электронды күнделігі. Электронды күнделікке мұғалім баға қояды, үй тапсырмасын, ескерту жазады, ал оқушы мен оның ата-аналары күнделіктен оларды көре алады. Мұғалім баға қойғанда, ескерту жазғанда ол бірден оқушының ата-анасының телефонына хабарлама немесе SMS түрінде келіп тұрады. https://www.facebook.com/groups/1029851333767325/ МҰҒАЛІМНІҢ НАЗАРЫНА! Мұғалімге ешқандай артық жұмыс пайда болмайды! Яғни, - ешқандай оқушылар тізімін толтырып қажет емес - әр оқушы өз телефонынан өзі тіркеледі; - ешқандай ата-аналар тізімен толтырып қажет емес - әр ата-ана өз телефонынан өзі тіркеледі; - бүкіл Қазақстанның мектептері анықтамалыққа толтырылып қойылған; - сыныптар анықтамалығы автоматты толтырылып тұр; - пәндер анықтамалығы автоматты толтырылып тұр. - мұғалім өзі таңдаған сыныпта сол мектепке сол сыныпқа тіркелген оқушыларды автоматты түрде көріп тұрады. "Оқушы үлгерімінің" басқа программалардан артықшылықтары: 1. МОБИЛЬДІ – мобильді құрылғыларға арнайы оңтайландырылып жасалынған. Программамен қай жерде болмасын және қашан болмасын жұмыс істеуге болады! Сыныптарға компьютерлер орнатып, интернет тартып қажет емес! 2. ҚАРАПАЙЫМ – программада артық ештеңе жоқ. Баға қою үш кликпен жүзесе асырылады – пән таңдап, сосын сыныпты таңдап, сосын оқушыны таңдап алып керекті бағаны басса болды! 3. ӘМБЕБАП – программаны мұғалім де, ата-ана да, оқушы да қолдана алады. Мұғалімдер – баға қояды, ескерту жазады, үй тапсырмасын береді, ата-аналарға хабарламалар жөнелте алады Ата-аналар – қойылған баға жайлы, баласының сабақта жоқтығы жайлы ақпаратты, мұғалімдердің жіберген хабарламаларын жедел ала алады, балаларының күнделігін қарай алады Оқушылар – сабақ кестесін, үй тапсырмаларын көре алады 4. ОПЕРАТИВТІ – қойылған баға немесе жазылған ескерту ата-аналардың телефонына бірден хабарлама немесе/және SMS түрінде жөнелтіледі 5. СЕНІМДІ – баға қоюды немесе ескерту жазуды тек мұғалімдер ғана өз пәндері бойынша өзіне бекітілген сыныптарға ғана тек ағымдағы күнмен орындай алады. Мұғалім қойылған бағаны немесе жазылған ескертуді не бұрынғы күнмен, не бүгінгі күнмен өзгерте алмайды! Ал ата-аналар мен оқушылар ешқандай бағаны, ескертуді өзгерте алмайды. 6. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН – программаны ешкім басқармайды, ешқандай администратор керек емес! Қолданушыларды толтыруға, оларды тіркеуге және оларға логин/құпиясөз тарату үшін ешқандай қосымша қызметші қажет емес. Әр қолданушы өз бетімен тіркеледі, логин/құпиясөзді өздері тағайындайды. Құпиясөзді ұмытып қалса жаңа құпиясөз автоматты түрде SMS арқылы алады. Программаға қажетті барлық анықтамалықтар – мектептер анықтамалығы, пәндер анықтамалығы, сыныптар анықтамалығы алдын-ала толтырылып қойылған 7. КОНФИДЕНЦИАЛДЫ – мұғалімдер тек өздеріне тіркелген пәндермен, сыныптармен ғана жұмыс істей алады. Ал ата-аналар тек өздерінің балаларының күнделіктерін ғана көре алады 8. ЕСЕПТЕР – программада қажетті есептер бар және олар әрдайым толықтырылып отырады.What's new in Оқушы үлгерімі 1.39
Қателер түзетілдіDownload Оқушы үлгерімі 1.39 APK
Search terms:
Оқушы үлгерімі for pc
Оқушы үлгерімі mod apk
Оқушы үлгерімі full version
Оқушы үлгерімі full data